Басты бет > ӘДІСТЕМЕЛЕР > Қорытынды мен ұсыныстар

Қорытынды мен ұсыныстар

2022-2023 оқу жылында атқарылан жұмыстарға талдау жасай отырып, жүргізілген «Өзін-өзі бағалау» қорытындысы бойынша төмендегідей жаңа міндеттер анықталды.

1.     Кадрлық құрамға жасалған талдау негізінде:

·        Педагогтердің кәсіби өсуінің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

·        Балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға косультациялық көмек көрсетуді жалғастыру.

 

2. Тәрбиеленушілер контингенті бойынша:

·        2023-2024 оқу жылына арналған жас топтары балалардың күнтізбелік жылдағы толық жасы ескеріле отырып, жасақталсын. Қажетті құжаттар қағаз жүзінде тіркеліп, топ бойынша тізім жасақталып, комплектованияға дайындалсын.

 

            3. Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша:

·        2023-2024 оқу жылына жұмыс  жоспары мен ұйымдастырылған іс-әрекет кестесі бекітілсін.

·        Топтардағы дамытушы орталарды талапқа сай толығымен ұйымдастыру.

·        Педагогикалық шеберлікті дамыту жолында жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру, өз тәжірибелерінде қолдану.

·        Жас мамандардың кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында түрлі іс-шараларға қатыстыру.

 

            4. Оқу-материалдық активтер бойынша:

·  Балалар орындықтарын ауыстыру.

·  Тұрмыстық техникаларды жаңалау.

 

            5.Ақпараттық ресурстар мен кітапхана қоры бойынша:

·        Балалардың жас ерекшеліктеріне сай топтарда кітапхана қорын молайту.

·        Дидактикалық және әдістемелік құралдарды жаңарту, толықтыру.

·        Балалардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне сай ойыншықтар алу.

 

            6.Тәрбиеленушілердің білім деңгейі бойынша:

·        Педагог мамандар мен азаматтық қызметкерлердің біліктіліктерін үздіксіз және мерзімінде арттыру үшін жағдайлар жасау.

·        Балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін ата-аналарға консультациялық көмек беру.

 

          7. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас

·        Балаларға арналған мерекелік іс-шараларға ат салысу

·        «Буллинг себептері мен оның алдын алу» тақырыбында ата-аналардың сауаттылығын көтеру

·        «Instagram»,  «Faeecbok» желілеріне салынған іс-шараларға қолдау көрсету, пікір қалдыру.