Басты бет > ӘДІСТЕМЕЛЕР > Оқу- материалдық активтер

Оқу- материалдық активтер

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 5 «Арай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК оқу-материалдық активтеріне сипаттама.
Ғимарат 2 қабатты, құрылыс ауданы – 1082,7, ғимараттың көлемі – 9420,  жалпы ауданы – 2597,9, салынған жылы – 1977 жыл.
Балабақшаның техникалық паспорты 22.02.2011 жылы жасалған.
Кәсіпорынның құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.
ШҚО «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-де 2011 жылғы «21» желтоқсанында жер учаскесіне меншіктік құқығын, жер пайдалану құқығын беретін актілер жазылатын кітапта № 424 болып жазылған.
Жер учаскесінің Кадастрлық номері: 05-085-069-1038, жер учаскесінің алаңы: 0,8626 га (көшірме қосымша ұсынылды).
Балабақша-бөбекжай қазіргі заман талабына сай жабдықталған.
Арнайы музыка және спорт залдары қарастырылған. Стандарт талаптарына сай әдістемелік және дидактикалық құралдармен қамтамасыз етілген.
Асқаналық және медициналық блоктар нормаға сай жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
 
Материалды-техникалық базаны нығайту мақсатындағы атқарылған шаруашылық жұмыстарға талдау
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның атауы «ШҚО қаржы Басқармасы» ММ 2021 жылғы 11 қаңтарындағы № П-51(К) бұйрығы негізінде «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 «Арай» балабақша-бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып қайта тіркелді.
Қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы №KZ03RBK00030115 хабарлама 2021 жылдың 16 қаңтарында алынды.  
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша лицензия 2021 жылдың 11 қаңтарында қайта рәсімдеуден өтті.    
Лицензиар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі.
Жер учаскесінің Кадастрлық номері: 05-085-069-1038
Жер учаскесінің алаңы: 0,8626 га
      Ғимараттың көлемі – 9420 
      Жалпы ауданы – 2597,9
Бадабақша-бөбекжай қазақ тілінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі 260 балаға арналған.